Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

«20 миллион ба?»: Гүлзира Айдарбекованың сыйлығы елді таңғалдырды

«20 миллион ба?»: Гүлзира Айдарбекованың сыйлығы елді таңғалдырды
Сурет: скриншот

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың немересі Рабия-Сұлтанның туған күніне берген сыйлығы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Arasha.kzQazaq Today-ға сілтеме жасап.

Продюсер келіні Жұлдызға бриллиант әшекейлер сыйласа, немересіне қомақты көлемде ақшалай сыйлық тарту еткен.

«Мына миллион қызымыз Рабияшаның сыйлығы. Өзі алып береді мамасы», - деді Гүлзира Айдарбекова.

Желі қолданушылары бұл сәтке тамсанып, түрлі пікір қалдырды. Олардың арасында сыйлықтың нақты сомасына қызығушылық танытқандар да болды.

«Қанша миллион дейді?!», «20 миллион ба?», «Жарайды, Гүлзира, керемет ене!», «Ақылды ене», «Бізге де жұғысты болсын», - деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, видеода ақшалай сыйлықтың нақты сомасы анық айтылмаған. Дегенмен желі қолданушылары оның көлемін қызу талқылап жатыр.