Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Табиғи апаттан 20 адам тіл тартпай кетті

Табиғи апаттан 20 адам тіл тартпай кетті
Фото: freepik

15 тамыз күні таңертең Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:58-де, Алматы уақытымен 02:58-де болған. Зілзала ошағы Флорес аралының маңында орналасқан.

Негізгі жер сілкінісінен кейін магнитудасы 6,2 болатын тағы бір дүмпу тіркелді. Оның ошағы Лабуан-Баджо қаласынан шамамен 102 шақырым жерде болған.

Зілзала Шығыс Нуса-Тенгара провинциясында бірқатар нысанға зақым келтірді. Тұрғын үйлер, мектептер, мемлекеттік және медициналық мекемелер бүлінген.

Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан кемінде 20 адам қаза тапқан. Жер сілкінісінен кейін ондаған афтершок тіркелген.