Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

АҚШ Қазақстанды қауіпсіз елдер қатарына қосты

АҚШ Қазақстанды қауіпсіз елдер қатарына қосты
Сурет ашық дереккөзден алынған

АҚШ Мемлекеттік департаменті туристерге арналған әлем елдерінің қауіп деңгейі көрсетілген жаңартылған картаны жариялады. Мемлекеттер қауіпсіздік деңгейіне қарай төрт санатқа бөлінген,деп хабарлайды Arasha.kzQaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Көк түспен белгіленген елдерде туристерге әдеттегі сақтық шараларын сақтау жеткілікті. Бұл санатқа Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан кірген. Қырғызстан да көк түсте көрсетілген, алайда қосымша белгі қойылған.

Ал Ресей, Украина және Беларусь ең жоғары қауіп деңгейі белгіленген қызыл санатқа енгізілген.

Еуропаның бірқатар елдеріне де барған кезде сақтық таныту ұсынылады. Олардың қатарында Франция, Испания, Германия, Швеция, Италия және Ұлыбритания бар.

Осылайша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің бағалауында Қазақстан бірқатар танымал Еуропа елдерімен салыстырғанда туристер үшін қауіпсіздеу санатта тұр.