Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Меркіде 8 айлық сәбидің анасы көз жұмды

Меркіде 8 айлық сәбидің анасы көз жұмды
Фото: freepik

Жамбыл облысының Меркі ауданында әйелдің қайтыс болуына қатысты жаңа дерек айтылды. Қайғылы жағдайдан кейін марқұмның туысы адвокат Ләззат Рақышеваға хабарласқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Туысының айтуынша, әйел құрбысына хат жазып, күйеуімен арада болған жағдайды айтып кеткен. Хатта марқұмның «бір Барни печеньесі үшін күйеуім ұрды» деген мазмұнда сөздер жазғаны айтылып отыр.

Кейін әйел қайтыс болған. Алайда оның өліміне нақты не себеп болғаны және бұл жағдайға кімнің кінәлі екені әзірге белгісіз.

Марқұмның артында небәрі 8 айлық сәбиі қалған.

Қазір істің мән-жайын анықтау үшін заңгерлер марқұмның туыстарына құқықтық кеңес беріп жатыр.