Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Бас жүлде үшін шоколад пен монумент берген: Зағип жігіт 35 елдің өкілін басып озған

Бас жүлде үшін шоколад пен монумент берген: Зағип жігіт 35 елдің өкілін басып озған
Коллаж: ult.kz

Лондонда өткен «Golden Time Talent» халықаралық байқауында қазақстандық жас пианист Абылайхан Мұстафин 35 елден келген қатысушылар арасынан үздік атанды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Туғаннан көзі көрмейтін өнерпаз фортепиано номинациясында бас жүлдеге ие болды.

Жеңістен кейін Абылайхан Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігіне шақырылып, оған Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің шағын мүсіншесі табысталған.

Алайда елшілік ұсынған сыйлық әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Желіде ерекше жетістікке жеткен жас өнерпазға берілген сыйлықтың деңгейі талқыланып, елшілікке қатысты сын айтылды.