Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Күйеуінен кеткісі келген 19 жастағы бойжеткен көз жұмды

Күйеуінен кеткісі келген 19 жастағы бойжеткен көз жұмды
Сурет: скриншот

Жамбыл облысында 19 жастағы бойжеткен өзіне қол жұмсады. Қайтыс боларынан бұрын ол құрбысына күйеуімен жанжалдасып жүргенін жазып, соққыға жығылғанын айтқан және отбасынан кеткісі келетінін жеткізген, деп хабарлайды Arasha.kz, Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұм Мадина Рашидқызы Өзбекстан азаматы болған. Ол күйеуімен бірге Меркі ауданында екі жылға жуық тұрған. Ерлі-зайыптылардың сегіз айлық баласы қалды.

Мадинаның құрбысы Зейнеп Threads желісінде бойжеткеннің отбасындағы жанжалдар туралы бірнеше рет айтқанын және күйеуінің қол көтеретінін жазды. Зейнептің сөзінше, Мадина денесіндегі көгерген іздерді көрсетіп, жарақаттарының суреттерін де жіберіп отырған.

Қайтыс боларынан бұрын Мадина күйеуімен тағы жанжалдасқанын жазған. Құрбысының айтуынша, жанжал балаға сатып алынған тәттіні Мадинаның өзі жеп қойғанынан басталған. Мадина хат алмасу кезінде осыдан кейін күйеуі өзін ұрғанын айтқан.

Келесі күні ол жиналған заттарының суретін жіберіп, үйден кететінін және ажырасқысы келетінін жазған.

Осыдан кейін Мадина құрбысынан 15 мың теңге қарызға сұраған. Зейнептің айтуынша, қолында қажетті сома болмаған. Кейін оған Мадинаның қайтыс болғанын хабарлаған.

Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, адамды өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бабы бойынша соталды тергеу басталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.