Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ұлдана Мырзуанның туыстары бұрынғы күйеубаласынан ақшаның қайда жұмсалғанын түсіндіруді сұрады (ВИДЕО)

Ұлдана Мырзуанның туыстары бұрынғы күйеубаласынан ақшаның қайда жұмсалғанын түсіндіруді сұрады (ВИДЕО)
Коллаж: Arasha.kz

Марқұм Ұлдана Мырзуанның анасы мен әпкесі Руслан Өтепбайға берген сұхбатында оның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнел отбасыға марқұмның қарыздары туралы айтқанын мәлімдеді. Алайда туыстары оның айтқан қарыз сомалары шындыққа сәйкес келмегенін алға тартады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, Ұлдананың 4,5 млн теңге көлемінде несиесі және 12 млн теңге автонесиесі болған. Алайда ата-анасы банкке жүгінген кезде, Ұлдананың атына мұндай несие мүлде рәсімделмегені анықталған. Ал бұрынғы күйеуінің сөзі бойынша 12 млн теңге болған автонесиенің нақты сомасы отбасының мәліметінше, шамамен 9 млн теңге болған.

Астана әкімдігі марқұмның қарыздарын өтеуге 20 млн теңге бөлген.

Ұлдананың туыстары осы қаражаттың қалған бөлігінің қайда жұмсалғанын Әділет Зейнелден түсіндіруді талап етіп отыр. Олардың айтуынша, бұл сұраққа әзірге жауап болмаған.