Жамбыл облысында өзіне қол жұмсады деп болжанып отырған келіншек жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қайтыс болған әйелдің туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейтінін айтуда.
Марқұмның жаназасына қатысқан журналист әлеуметтік желідегі жазбасында қайынжұртының жерлеуге келмегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, марқұмның артында 8 айлық сәби қалған.
«Туыстары өзін-өзі өлтірді дегенге сенбейді», – деп жазды ол.
Сондай-ақ әлеуметтік желіде марқұмның құрбысына қатысты түрлі пікірлер тараған. Алайда жаназаға қатысқан автор құрбысының марқұмның отбасына барынша көмектесіп жүргенін айтты.