Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

«Әйелінің бағы бес елі»: актердің өнері елді таңғалдырды

«Әйелінің бағы бес елі»: актердің өнері елді таңғалдырды
Сурет: скриншот

«Нысана» театрының актері Абай Аязбаев әлеуметтік желіде ерекше қырымен көрініп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Arasha.kz, news.qaz-ға сілтеме жасап.

Өнер иесі әйелі мен үш қызына ет асып беріп, қамырды да өзі жайған. Желіде тараған видеода актердің ас үйде қамыр жайып, тамақ әзірлеп жүрген сәті көрсетілген.

Абай Аязбаевтың мұндай өнерін бұрын білмеген желі қолданушылары актерге жылы лебіздерін білдіріп, отбасы үшін ас дайындағанын жоғары бағалады.

«Абай, енді орамал тақсаң, қатып кетер еді», «Мұндай еркекке тиген әйелінің бағы бес елі екен», -  деп жазды желі қолданушылары.

Видео көпшіліктің қызығушылығын тудырып, оқырмандар актердің қарапайымдылығы мен отбасына деген қамқорлығына тәнті болған.