Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Астанада 22 жастағы қыз биіктен құлап қаза тапты

Астанада 22 жастағы қыз биіктен құлап қаза тапты
Сурет: arasha.kz

Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде 22 жастағы қыздың қаза болуына байланысты қайғылы жағдай болды. Әлеуметтік желіде тараған куәгерлердің жазбасында бойжеткеннің биіктен құлағаны, оқиға өзіне қол жұмсау болуы мүмкін екені айтылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Куәгерлердің сөзінше, қыз құлаған сәтте төменде өтіп бара жатқан курьерге түскен. Алғашқы ақпаратта курьер де қаза тапты деген мәлімет тарағанымен, кейін желідегі жазба авторы оның аман екенін нақтылады.

Оқиғадан кейін тұрғын үй кешенінің маңына адамдар жиналған. Кейбір тұрғындар болған жағдайды телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл әрекет те желі қолданушыларының сынына ұшырады.

«Біреудің қайғысын қызық көріп, жақыннан түсіру дұрыс емес. Мұндай кезде адамгершілік таныту керек», - деген пікірлер жазылды.



Желі қолданушылары марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қиын жағдайға тап болған адамдарды жалғыз қалдырмауға және дер кезінде көмек сұрауға шақырды.

Оқиғаның нақты мән-жайы мен бойжеткеннің өліміне қатысты ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Сондықтан әлеуметтік желіде тараған мәліметтер әзірге куәгерлердің сөзіне негізделіп отыр.