Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Әкесі қызының басынан сипаған қарияны итеріп құлатты (ВИДЕО)

Әкесі қызының басынан сипаған қарияны итеріп құлатты (ВИДЕО)
Коллаж: Arasha.kz

Сингапурда кішкентай қыздың басынан сипаған 73 жастағы ер адамды 40 жастағы азамат итеріп жіберген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Видеоны Alash.kz жариялады. Оқиға кеспе сататын жерде болған. Қарттың сөзінше, ол қыз баланы сүйкімді көріп, еркелеткен. Оның айтуынша, үлкендердің кішкентай балалардың басынан сипап, мейірім танытуы әдеттегі жағдай.

Алайда бұл әрекет қыздың әкесінің ашуын туғызған. 40 жастағы ер адам қартты итеріп жіберген.

Кейін ол өз әрекеті үшін кешірім сұрап, 73 жастағы ер адамға сусын ұсынған.

Полиция оқиғаға қатысы бар 40 жастағы ер адамның жеке басын анықтап, тергеу бастаған.