Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

«Еркек емес - малсыңдар» Димаш әйелін сабайтын ерлерге шүйлікті

«Еркек емес - малсыңдар» Димаш әйелін сабайтын ерлерге шүйлікті
Сурет ашық дереккөзден алынған

Халық әртісі Димаш Құдайберген әйелдерге қол көтеретін ер азаматтарға қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әнші әйелге күш көрсетіп, кейін онысын мақтаныш көретін ерлерді қатаң сынға алды.

«Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес - малсыңдар болды. Әйелге әлжеттік жасап абырой жинаймын деу - адамдықтың ең төменгі шегі!», - деді Димаш Құдайберген.

Өнер иесінің бұл пікірі әлеуметтік желіде жарияланып, көпшіліктің назарын аударды.