Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Арыс маңындағы әскери бөлімде жарылыс болды

Арыс маңындағы әскери бөлімде жарылыс болды
Фото: видеодан кадр

Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында оқ-дәрі бөлшегі жарылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Stan.kz дерегінше, Қазақстан Қорғаныс министрлігі оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ ешқандай қирау тіркелмегенін жеткізген. 

Оқиғаға құрғақ шөптің тұтануы себеп болған. Оқ-дәрі бұған дейін кәдеге жаратуға дайындалған.

“Қазақстанның оңтүстігіндегі әскери бөлім аумағында оқ-дәрі бөлшегі жарылды. Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ”, – деп хабарлады ведомство.

Өрт ошағы оқшауланды. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.