Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстанда Құрылтай есімді неше адам бар?

Қазақстанда Құрылтай есімді неше адам бар?
Көшеде кетіп бара жатқан адамдар. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда Құрылтай деген есіммен 10 адам тұрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дерекке сәйкес, олардың есімі құжаттарда әртүрлі нұсқада жазылған. Кейбірінде "Құрылтай", енді бірінде "Курылтай" немесе "Курултай" деп көрсетілген.

Бұл есімді иеленген 10 адамның алтауы – ер адам, төртеуі – әйел.

Өңірлер бойынша ең көп Құрылтай есімді азамат Шығыс Қазақстан облысында тұрады. Мұнда төрт адам тіркелген.

Алматы қаласында екі адам бар. Қалғандары Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында тұрады.

Жас ерекшелігіне қарағанда, бұл есім көбіне аға буын арасында кездеседі. Құрылтай есімді азаматтардың тең жартысы 65 жастан асқан.

Олардың ішіндегі ең үлкенінің жасы 80-де. Қалған азаматтар 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығында.