Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Меркіде қаза болған келіншектің қазасына қатысты жаңа мәлімет шықты

Меркіде қаза болған келіншектің қазасына қатысты жаңа мәлімет шықты
Коллаж: ult.kz

Меркіде қаза болған Мадинаның өліміне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Белсенді Жан Ахмадиевтің айтуынша, марқұмның туыстары оған Мадинаны жуындыру кезінде түсірілген видеоны жолдаған. Кадрлардан оның басының бірнеше тұсында тігіс бар екені байқалады.

Бұдан бөлек, Мадинаның қайғылы оқиғадан бұрын пәтер іздегені туралы ақпарат тарады. Жан Ахмадиевтің сөзінше, марқұм пәтер жалдау мәселесі бойынша баспана иесімен байланысқан. Пәтерді жалға беруші Мадинаның үйдегі жиһаздың бар-жоғын сұрап, баспананы ұзақ мерзімге жалдау мүмкіндігін де нақтылағанын айтқан.

Осы деректерге сүйенген белсенді Мадинаның өз-өзіне қол жұмсағаны туралы болжамға күмән келтіретінін жеткізді.

«Мен Мадинаның өз-өзіне қол жұмсағанына күмәндана бастадым. Себебі бізге келген дауыстық хабарламада ол пәтердегі жиһаздың бар-жоғын сұрап, қажет болса жиһаз қалдыруға болатынын нақтылаған. Сонымен қатар баспананы ұзақ мерзімге жалға алу мүмкіндігін сұраған», – деді Жан Ахмадиев.

Дегенмен бұл деректер Мадинаның өліміне қатысты нақты қорытынды жасауға негіз болмайды. Қазір тараған мәліметтер мен бейнематериалдар тергеудің ресми нәтижесі емес. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы тиісті сараптамалар мен тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін белгілі болады.