Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Әнші Алтынай Жорабаева қыз жасауына 100 млн теңге жұмсаған

Әнші Алтынай Жорабаева қыз жасауына 100 млн теңге жұмсаған
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Алтынай Жорабаеваның қызына дайындалған жасау әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жас жұбайларға берілген дүние-мүліктің жалпы құны шамамен 100 миллион теңге болған. Әншінің құрбысы жариялаған видеода ұзатылған қызға арналған жасаудың көлемі көрсетілген.

Оның айтуынша, күйеу жігітке әкесі 200 шаршы метрлік пәтер сыйлаған. Жаңа баспана кілем, жиһаз, ыдыс-аяқ және басқа да тұрмыстық қажетті заттармен толық жабдықталған.

Алайда видеода көрсетілген дүниелер жасаудың аз ғана бөлігі екені айтылды. Әншінің құрбысының сөзінше, қазір жас жұбайларға жасаудың шамамен 10 пайызы ғана жеткізілген. Қалған заттар кейін апарылмақ.

«Алтынай Жорабаеваның қызының жасауына шамамен 100 миллион теңге кетті. Жігітке әкесі 200 шаршы метрлік пәтер сыйлады. Пәтердің ішін кілем, жиһаз, ыдыс-аяқпен толық жабдықтады. Біз қазір жасаудың 10 пайызын ғана алып келдік», – деді ол.

Жарияланған видео әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, қыз жасауына жұмсалған қаржы мен оның көлеміне қатысты түрлі пікірлер айтылды.