АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық мемлекет басшыларына қатысты өз рейтингін жариялап, өзін ең жоғары санатқа орналастырды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында АҚШ президенттерін бірнеше топқа бөліп, өзін жалғыз "Ең ұлы" президент ретінде көрсеткен.
Ал Авраам Линкольн, Джордж Вашингтон, Франклин Рузвельт, Вудро Вильсон, Томас Джефферсон және Эндрю Джексон Трамп жасаған рейтингте одан бір саты төмен – "Ұлы" санатына енген.
АҚШ-тың бұрынғы президенттері Джо Байден мен Барак Обаманы Трамп «Сәтсіз» деп бағалаған. Бұл қатарға Улисс Грант, Уоррен Гардинг және Джимми Картер де енгізілген.
Айта кетейік, сарапшылар бұған дейін жасаған президенттер рейтингінде Трамптың көрсеткіші мүлдем басқаша болған.
Мәселен, 2018 жылы Хьюстон университеті мамандар арасында жүргізген сауалнама қорытындысында Дональд Трамп АҚШ президенттері арасында 44-орынға орналасып, рейтингтің соңында қалған еді.