Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі қашан құрылатыны белгілі болды

Қазақстан Халық Кеңесі қашан құрылатыны белгілі болды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің екінші жартысында Қазақстан Халық Кеңесі құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа орган Қазақстандағы этникалық, өңірлік, әлеуметтік және қоғамдық-саяси әралуандықты біріктіретін жоғары консультативтік орган болмақ.

«Қыркүйектің екінші жартысында Қазақстан Халық Кеңесі құрылады. Бұл – Қазақстан тарихындағы еліміздің этникалық, өңірлік, әлеуметтік және қоғамдық-саяси әралуандығын бойына сіңіретін алғашқы жоғары консультативтік орган. Шын мәнінде, бұл бірегей орган. Бұл конституциялық органның заң шығару бастамасы құқығы бар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, жаңа мемлекеттік институттардың құрылуы елдегі реформаларды жалғастыруға және оларға жаңа серпін беруге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік қызметшілер ел алдында тұрған ортақ мақсат-міндеттерді нақты түсінуі қажет екенін атап өтті.

«Нағыз патриот үшін өз халқына адал қызмет етуден асқан бақыт жоқ. Халықтың мүддесі бәрінен жоғары тұруы керек. Біздің ортақ міндетіміз – Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру», – деді Президент.