Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Құрылтай төрағалығына ұсынылған Айбек Дәдебай кім?

Құрылтай төрағалығына ұсынылған Айбек Дәдебай кім?
Айбек Дәдебай. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрағасы қызметіне Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды. Мемлекет басшысы оның мемлекеттік басқару саласындағы мол тәжірибесін атап өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Айбек Дәдебай 1980 жылғы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінде сарапшы болып еңбек етті. Сондай-ақ Сенат төрағасы көмекшісінің міндетін атқарған.

2011-2013 жылдар аралығында Қазақстанның БҰҰ жанындағы Женевадағы Тұрақты өкілдігінде атташе және үшінші хатшы қызметтерін атқарды.

2013 жылдан 2019 жылға дейін Парламент Сенаты Төрағасының Хатшылығында меңгерушінің орынбасары, кейін Хатшылық меңгерушісі болды.

2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары қызметін атқарды. Одан кейін Президент Іс басқарушысының орынбасары болып еңбек етті.

2022-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметін атқарған. Ал 2024-2026 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінің Басшысы болды.

2026 жылдың мамыр айынан бастап Айбек Дәдебай "Әділет" партиясының Төрағасы қызметін атқарады.

Ол Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін "халықаралық құжаттанушы" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылы осы оқу орнында "аймақтану магистрі" біліктілігін алған.

Айбек Дәдебайдың II класты Кеңесші дипломатиялық рангі бар. Оның еңбек жолының басым бөлігі мемлекеттік басқару, парламенттік қызмет және дипломатия салаларымен байланысты.