Тұрмыс құрғанына небәрі екі ай болған Асиманың қазасына қатысты туыстары бірқатар сұраққа жауап іздеп отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жақындарының айтуынша, марқұм «Маған бірдеңе болса, енем кінәлі» деген мазмұнда хат қалдырған. Осыған байланысты Асиманың туыстары оның өліміне қатысты істің барлық мән-жайы жан-жақты әрі объективті зерттелуін талап етуде.
Туыстары нақты дәлелдерсіз ешкімді сотсыз кінәлі деп жариялауға болмайтынын атап өтті. Дегенмен олар марқұмның соңғы сөздері тергеу барысында ескеріліп, хатта көрсетілген жайттарға тиісті құқықтық баға берілуі қажет деп санайды.
Қазіргі таңда Асиманың өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы мен кінәлі тұлғалардың бар-жоғына тергеу нәтижесінде құқықтық баға берілуі тиіс.