31 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі. "Қазгидромет" ел аумағына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Астанада жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +8…+10 градус болса, күндіз +14…+16 градус болады.
Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +19…+21, күндіз +31…+33 градус ыстық болады.
Шымкентте де күн ашық әрі ыстық. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +35…+37 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтауда жауын-шашын болмайды. Түнде +20…+22, күндіз +28…+30 градус болады.
Ақтөбеде түнгі температура +4…+6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +18…+20 градус, кей жерлерде тұман күтіледі.
Атырауда түнде +12…+14, күндіз +23…+25 градус болады. Жауын-шашын болжанбайды.
Жезқазғанда түнде +13…+15, күндіз +28…+30 градус ыстық сақталады.
Көкшетауда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін. Түнде +5…+7, күндіз +13…+15 градус.
Қарағандыда таңертең тұман түседі. Жауын-шашынсыз, түнде +7…+9, күндіз +21…+23 градус болады.
Қонаевта күндіз +32…+34 градусқа дейін ыстық болады. Жауын-шашын күтілмейді.
Қостанайда түнде +3…+5 градусқа дейін салқындайды. Күндіз +13…+15 градус, жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылордада таңертең жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін. Түнде +19…+21, күндіз +32…+34 градус болады.
Оралда түнде +6…+8, күндіз +21…+23 градус. Кей жерлерде тұман түседі.
Өскеменде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде +13…+15, күндіз +20…+22 градус болады.
Павлодарда жауын-шашынсыз, алайда тұман күтіледі. Түнде +4…+6, күндіз +19…+21 градус.
Петропавлда түнде ауа температурасы небәрі +1…+3 градус болады. Таңертең тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Семейде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде +12…+14, күндіз +20…+22 градус.
Талдықорғанда түнде +9…+11, күндіз +31…+33 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді.
Таразда күн ашық. Түнде +15…+17, күндіз +31…+33 градус.
Түркістанда ыстық ауа райы сақталады. Түнде +18…+20, ал күндіз +35…+37 градусқа дейін көтеріледі.