2026 жылғы тамызда айлық инфляция шілде айындағы деңгейде сақталып, 0,6% құрады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тамыз айында бағаның негізгі төмендеуі маусымдық жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінде байқалды. Атап айтқанда, картоп бағасы 12,3%, тәтті бұрыш – 11,9%, қырыққабат – 9,7%, жүзім – 8,0%, пияз – 7,7%, алма – 5,1%, сәбіз – 5,0%, лимон – 4,7%, қызылша – 3,6% төмендеді. Сондай-ақ алмұрт бағасы 1,8%, қияр – 1,5% арзандады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде пайдаланылған жеңіл автомобильдер бағасы 5,3%, планшеттер – 5,0%, медициналық маскалар – 2,9%, медициналық термометр – 1,9%, электр еттартқыштар мен балалар жөргектері – 0,8% төмендеді.
Жылдық мәнде 2026 жылғы тамызда инфляция 9,8% құрады (ағымдағы жылғы шілдеде – 10,2%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 11,4%, азық-түлік тауарлары – 9,5%, ақылы қызметтер – 8,9% өсті.
Өткен жылғы тамыз айымен салыстырғанда жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінің бағасы төмендеуін жалғастырды. Атап айтқанда, баялды бағасы 46,8%, қияр – 39,9%, қызанақ – 13,6%, алма – 10,6%, сарымсақ – 7,2%, мандарин – 5,9%, қырыққабат – 5,2%, банан – 4,2%, апельсин – 2,6% арзандады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде 2025 жылғы тамызбен салыстырғанда отандық құрастырылған жаңа автомобильдердің бағасы 16,9%, электр бұрғылары мен бұрауыштар – 8,0%, кондиционерлер – 7,6%, медициналық бинттер – 3,1% төмендеді.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылау барлығы 537 позиция бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тарифтері мен бағаларына жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордтан көруге болады.