Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

3 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ауа райы күтіледі

3 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ауа райы күтіледі
Дауыл. Көрнекі фото: depositphotos.com

Синоптиктер 3 тамызға Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады. Болжам бойынша, Астана, Шымкент және еліміздің барлық 17 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ пен дауыл болып, жел екпіні 15-20 м/с-қа, жекелеген аумақтарда 23-25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Сонымен қатар кей өңірлерде аптап ыстық сақталады. Түркістан облысында ауа температурасы +40°C-қа, Жамбыл облысында +38°C-қа дейін көтеріледі.

Атырау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Павлодар және Ұлытау облыстарында күндіз +35…+39°C ыстық болжанып отыр.

Атырау, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының кей бөлігінде шаңды дауыл күтіледі.

Елдің көптеген өңірінде өрт қаупі де жоғары деңгейде сақталады. Атырау, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау, Жамбыл облыстарында және бірқатар басқа аймақта төтенше өрт қаупі жарияланған.

Астанада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.

Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда кешке жаңбыр мен найзағай күтіледі. Іле Алатауының таулы аумақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, жел күшеюі ықтимал.