Тележүргізуші әрі әнші Аша Матай Құрылтай сайлауынан кейін әлеуметтік желіде алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өнер иесі жаңадан сайланған депутаттарды құттықтап, олардың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
"Құрметті халайық, сайлау науқаны өтті. Халық сайлаған Құрылтай депутаттары анықталып, ант қабылдады. Мен бәрін көріп отырмын. Жаңа сайланған депутаттарды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тілеймін. Мемлекетіміз бен халқымыздың игілігіне жұмыс жасайды деп үміттенемін. Берген анттарыңызға берік болыңыздар. Ақ жол сіздерге, депутаттар!" – деп жазды Аша Матай.
Тележүргізуші депутаттардың халық алдындағы жауапкершілігіне тоқталып, олардың ел игілігі үшін еңбек ететініне сенім білдірді.