Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

3 қыркүйек – қазақы тазы мен төбет күні

3 қыркүйек – қазақы тазы мен төбет күні
Фото: Akorda.kz

3 қыркүйекте Қазақстанда Қазақы тазы мен төбет күні алғаш рет аталып өтеді. Бұл дата 2024 жылы қазақ тазысының Халықаралықкинологиялық федерация (FCI) тарапынаналдын ала танылғанткүніне орай белгіленді. 2024 жылғы 3 қыркүйекте Амстердамда FCI қазақ тазысын алдын ала тану туралы шешімқабылдады. Тұқымға №372 халықаралықстандарт бекітіліп, Қазақстан оның шыққанелі ретінде танылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақ тазысы ғасырлар бойы халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен бірге жасасып, дәстүрлі аңшылықта пайдаланылған. Ұлттық тұқымдысақтау және оны халықаралық деңгейдетаныту жұмыстары соңғы жылдарымемлекеттік деңгейде қолға алынды.

2022 жылы Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев ұлттық тұқымдысақтау және оны халықаралық деңгейдетаныту жөнінде міндет қойды. 2023 жылыосы бағыттағы заңнамалық негіз қалыптастырылды.

«Тазыны бүгінгі күнге жеткізген – оны ұрпақтан ұрпаққа сақтап келген аңшылардың, селекционерлердің, кинологтардың, ит иелерімен жанашыр азаматтардың еңбегі. Халықаралық деңгейде танылу – үлкеннәтиже. Бірақ біздің жұмысымыз мұныменаяқталмайды. Ең бастысы – тазыныңтұқымдық ерекшеліктерін, генетикалық қорын, табиғи және жұмыс қасиеттерінсақтап, келесі ұрпаққа жеткізу», – дедіҚазақстан Республикасының Экология жәнетабиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Бүгінде Қазақстан кинологтар одағының Бірыңғай асыл тұқымдық кітабында төртмыңға жуық тазы тіркелген. Өңірлердеиттердің шығу тегі туралы мәліметтердіжинау, асыл тұқымдық есеп жүргізу жәнетұқымдық қасиеттерін сақтау жұмыстарыжалғасуда.

Қазақ тазысын халықаралық деңгейде таныту жұмыстары да жалғасып келеді. 2025 жылы Хельсинкиде өткен Дүниежүзілік иттеркөрмесінде тұқымның ресмитаныстырылымы өтті. 2026 жылғы маусымдаБолоньядағы World Dog Show көрмесіне Қазақстаннан 12 тазы қатысты.

Сонымен қатар Жетісу облысында Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығыныңғимараты салынып жатыр. Құрылысдемеушілердің қолдауымен, облыс әкімдігініңұйымдастыруымен жүргізілуде.

Орталықта таза тұқымды иттерді ұстау және өсіру, олардың шығу тегін тіркеу, Бірыңғайтұқым-тегі кітабын жүргізу, сондай-ақкинология саласындағы мамандарды даярлаукөзделген. Мұнда сынақтар, көрмелер, байқаулар мен жарыстар да ұйымдастырылады.

Биыл 20 ақпанда Үкімет қаулысымен Қазақыит тұқымдарын сақтау және өсімін молайтужөніндегі 2026–2036 жылдарға арналғанкешенді жоспар бекітілді. Құжат алдағы он жылда осы бағыттағы жұмыстардымемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жалғастырудыкөздейді.

Қазақ тазысының FCI тарапынан алдын ала танылуы – жұмыстың соңғы кезеңі емес. Алда тұқымның тұрақтылығын бірнеше буын бойы бақылау, генетикалық алуандығын, денсаулығын және өзіне тән табиғиқасиеттерін сақтау міндеті тұр.

3 қыркүйек – қазақ тазысының халықаралық деңгейде танылғанын айғақтайтын ғана емес, ұлттық тұқымды сақтап, келесі ұрпаққа жеткізудің маңызын еске салатын күн.