"Қазгидромет" 6 қыркүйекке арналған Қазақстан қалаларындағы ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз әрі жылы ауа райы сақталады. Кей өңірлерде жел күшейіп, Қызылордада шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде +13...+15°C, күндіз +28...+30°C.
Алматыда жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Түнде +11...+13°C, күндіз +25...+27°C.
Шымкентте күн бұлтты болғанымен, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C.
Ақтауда түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз жауын-шашын болмайды. Түнде +17...+19°C, күндіз +27...+29°C.
Ақтөбеде күн ашық әрі құрғақ болады. Күндіз жел екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.
Атырауда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +16...+18°C, күндіз +30...+32°C.
Жезқазғанда күндіз ауа температурасы +28...+30°C-қа дейін көтеріліп, түнде +12...+14°C болады.
Қарағандыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +8...+10°C, күндіз +25...+27°C.
Көкшетауда күндіз +28...+30°C, түнде +12...+14°C болады. Желдің жылдамдығы кей уақытта 9-14 м/с-қа жетеді.
Қонаевта түнде +11...+13°C, күндіз +26...+28°C болады. Жауын-шашын болжанбайды.
Қостанайда күндіз ауа температурасы +30...+32°C-қа дейін көтеріледі. Түнде +12...+14°C.
Қызылордада күн ашық әрі ыстық болады. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +31...+33°C. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Павлодарда түнде +9...+11°C, күндіз +26...+28°C болады. Жауын-шашын күтілмейді.
Петропавлда күндіз +28...+30°C, түнде +11...+13°C болады. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Семейде күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Тұман түседі. Түнде +4...+6°C, күндіз +25...+27°C.
Талдықорғанда түнде +5...+7°C, күндіз +26...+28°C болады.
Таразда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +9...+11°C, күндіз +28...+30°C.
Түркістанда күндіз ауа температурасы +32...+34°C-қа дейін көтеріледі. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +16...+18°C.
Оралда жауын-шашын болмайды. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +14...+16°C, күндіз +28...+30°C.
Өскеменде күн ашық болады, таңертең тұман түсуі мүмкін. Түнде +4...+6°C, күндіз +23...+25°C.