Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қырғыз композиторы Назарбаевтың шыққан тегіне қатысты мәлімдеме жасады

Қырғыз композиторы Назарбаевтың шыққан тегіне қатысты мәлімдеме жасады
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Piroschka Van De Wouw / Reuters

Қырғызстандық композитор Құрманғазы Азықбаев Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шыққан тегіне қатысты өз пікірін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның сөзінше, Назарбаевтың анасы кезінде Қырғызстанға тұрмысқа шыққан, кейін отбасы Қазақстанға қоныс аударған. Осы дерекке сүйенген композитор экс-президенттің қырғыз халқымен байланысы болуы мүмкін деген болжамын ортаға салды.

"Нұрсұлтан Назарбаев – қырғыз. Оның шешесі кезінде Қырғызстанға тұрмысқа шыққан. Ол кезде жайлауымыз бір болған. Кейін әке-шешесі қазақ жағына кеткен. Бұл сөзіме Назарбаевтың домбыра шертуін дәлел деуге болады. Бұл құпияларды бұған дейін жасырып, ешкімге айтпай жүрдім", – деді Азықбаев.

Құрманғазы Азықбаев өз пікіріне дәлел ретінде Назарбаевтың домбыра тартатынын, "Тұмарым" әніне және қырғыздың көне ән-жырларына қызығушылық танытқанын да атап өткен. Сонымен қатар композитор Германияда жүрген кезінде Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы болғанын мәлімдеген.

Айта кетейік, Назарбаевтың шыққан тегіне қатысты айтылған бұл сөздер – Құрманғазы Азықбаевтың жеке пікірі. Мәтінде бұл мәлімдемені растайтын ресми құжат немесе өзге дәлел келтірілмеген.