Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

2030 жылға дейін Қазақстанның алты спутнигі халықаралық ғарыштық топтамаға қосылады

2030 жылға дейін Қазақстанның алты спутнигі халықаралық ғарыштық топтамаға қосылады
Canva

Қазақстан 2030 жылға дейін Жерді қашықтан зондтауға арналған тоғыз спутниктен тұратын халықаралық ғарыштық топтама құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Астанада өткен Space Days Kazakhstan 2026 форумында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді, деп Arasha.kz тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің айтуынша, топтамаға Қазақстанның алты спутнигі және Моңғолия, Конго Республикасы мен Нигерияның бір-бір аппаратынан кіреді.

Алдағы уақытта жобаға басқа мемлекеттердің де қосылуы мүмкін. Сондай-ақ спутниктер санын 14-ке дейін арттыру жоспарланып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда жасалған үш спутникті Конго, Нигерия және Моңғолияға жеткізу жоспарланғаны хабарланған еді. Үш аппараттың жалпы құны 75 миллион долларды құрайды.