Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула да Силваға елдің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Президент жеделхатында Қазақстанның Бразилиямен достық байланыстарды нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, екі елдің бірлескен күш-жігері мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Президентіне мемлекеттік қызметінде табыс, ал халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.