Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ақмола облысында аңшылық кезінде 64 жастағы ер адам қаза тапты

Ақмола облысында аңшылық кезінде 64 жастағы ер адам қаза тапты
Мылтық. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында аңшылық кезінде болған оқыс оқиғадан 64 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өңірлік полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, оқиға 6 қыркүйекте Зеренді ауданының аумағында болған. Аңшылық кезінде Көкшетау тұрғынына тиесілі мылтықтан абайсызда оқ атылып, 64 жастағы ер адам жарақат алған.

"Оқ тиюі салдарынан 64 жастағы ер адам дене жарақатын алды. Ол оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қару иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады.