Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Тойда «уағыз» айтқан зейнеткер туралы тың дерек шықты

Тойда «уағыз» айтқан зейнеткер туралы тың дерек шықты
Фото: видеодан кадр

Тойда «уағыз» айтқан зейнеткерге қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Енді ол 7 жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ер адамға әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздырды деген айып тағылып отыр. Қылмыстық іс желіде дау тудырған соң ол екі айға қамауға алынған. Оған қоса мамандар оның сөзіне қатысты кешенді дінтану, саясаттану және филологиялық сараптама жүргізген.

Егер сот оны кінәлі деп тапса, зейнеткерге 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Бұған дейін желіде 66 жастағы қарияның тойда тілек айтқан видеосы тараған еді. Сол кезде ол әншілерді "шайтанның азаншысы", ал әйелдерді "ұрғашы" деп атаған.