Әнші Мөлдір Мұқан Астана қаласынан су жаңа пәтер сатып алғанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ол бұл туралы желідегі парақшасында жазды.
«Балаларға айтпағаным қате ма екен? Батылым жетпей жатыр. Өйткені бәрі тез-тез болып жатыр. Білесіздер жаңа өмір бастағаныма небәрі 1 жыл болды. Осы уақыт ішінде өмірім күрт өзгерді. Әйел адамға бәрібір керек екен ғой, иә қыздар?! Саған қорғаныш, мотивация, сенім беретін. Астана қаласының қақ ортасынан пәтер алдым», - дейді әнші.

Мөлдір Мұқан — қазақстандық әнші әрі продюсер, сонымен қатар актриса ретінде де танылған өнер иесі. Ол көпшілікке бұрынғы жұбайы, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен бірге болған отбасылық өмірі арқылы да кеңінен таныс.
Қазір Мөлдір Мұқан шығармашылықпен айналысып, ән шығарып, әлеуметтік желіде белсенді. 2026 жылы оның жеке өмірі мен шығармашылығы туралы жаңалықтар жиі жарияланып жүр.
Оның 5 баласы бар.