ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы жаңа дәуірдегі ұлттың жасампаздағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Музей басшысының сөзінше, жасампаздықты жаңа қасиеттерді қалыптастырудың мүмкіндігі ретінде қарастыру керек.
«Жасампаздықтықты идеология немесе ұстаным деп бөліп қарауға болмайды. Жасампаздық – біздің идеологиямыз да, ұлттық ұстанымымыз да. Оны ұлт ретінде дамуымызға, жаңа қасиеттерімізді қалыптастыруға мүмкіндік беретін құндылық, тетік, жол ретінде қарастыру керек. Ол тек – жай ғана ұран емес, тәрбие жұмысының бір бөлігі. Мемлекеттік идеология арқылы да әр адамға ұлттың жасампаздығын көрсетіп, түсіндіру керек», - дейді спикер.