Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

«Жасыл даму» АҚ «Ертіс орманы» резерватына 2,9 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады

«Жасыл даму» АҚ «Ертіс орманы» резерватына 2,9 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады
Фото: Жасыл даму

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына заманауи арнайы техника сатып алуға кәдеге жарату төлемдері есебінен 2,9 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Резерваттың материалдық-техникалық базасын жаңарту өрт қаупі жоғары маусымға дайындықты күшейтуге, өртке ден қою уақытын қысқартуға және орман қорын қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жоба аясында резерватқа 34 өрт сөндіру автоцистернасы, 7 трактор және 34 жол талғамайтын автокөлік берілді. Жалпы алғанда, өрт ошақтарына жедел ден қоюға және өрттің алдын алу іс-шараларын жүргізуге қажетті 75 бірлік арнайы техника сатып алынды.

Еске сала кетейік, 2024 жылдан бері «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, орман табиғи резерваттарына, қорықтар мен орман шаруашылығы мекемелеріне заманауи арнайы техника сатып алуға кәдеге жарату төлемдері есебінен 33,1 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады.

Осы кезеңде табиғат қорғау ұйымдары үшін орман және дала өрттерінің алдын алуға және оларды жедел сөндіруге арналған 1 006 бірлік арнайы техника сатып алынды. Олардың қатарында өрт сөндіру автоцистерналары, жол талғамайтын автокөліктер, тракторлар және орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауға қажетті өзге де техника бар.

Мұндай жобаларды іске асыру табиғат қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, өрт қаупі жоғары маусымға дайындығын арттыруға және Қазақстанның орман экожүйелерін сақтауға ықпал етеді.