Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Арман Қоңыр жеке өміріне қатысты қауесеттен кейін жазба жариялады

Арман Қоңыр жеке өміріне қатысты қауесеттен кейін жазба жариялады
Коллаж: Arasha.kz

Әлеуметтік желіде тараған қауесеттен кейін әнші Арман Қоңыр Instagram парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін желіде Аша Матайдың жұбайы шетелде өзінен кіші қызбен бірге демалып жүр деген ақпарат тараған еді. Бұл жағдай көпшіліктің назарын аударып, түрлі пікірге себеп болды.

Арман Қоңыр демалысынан бірнеше сурет жариялап, желідегі әңгімеге әзілмен жауап берген.

«Бүгін бұл жерден фото Instagram-ға салмаймыз. Жұрт тағы қосып жүрмесін», – деп жазды әнші.

Оның бұл жазбасына желі қолданушылары да пікір қалды. Кейбірі тараған ақпаратқа күмән келтірсе, енді бірі ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына қатысты ойын ашық білдірген.

«Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды», «Тыныш жүр», «Ортада бала болған соң ажыраспау керек», «Ашаны жамандыққа қимаймын» деген пікірлер жазылды.