Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ақтауда балықтан уланған 9 жасар баланың жағдайы ауыр

Ақтауда балықтан уланған 9 жасар баланың жағдайы ауыр
Фото: freepik

Ақтауда балықтан уланып, ауруханаға түскен 9 жастағы баланың жағдайы ауыр.  Дәрігерлер оған ауыр дәрежедегі ботулизм диагнозын қойған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бала ауруханаға ес-түссіз жағдайда жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Оған ботулизмге қарсы сарысу да енгізілген.

Еске салайық, 19 қыркүйек күні Басқұдық ауылында ысталған балық жеп уланған үш ересек пен кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылған болатын. Қалған науқастардың да жағдайы ауыр екені айтылды.