Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Тұрсынбек Қабатов алдағы жоспарлары туралы сұхбат берді

Тұрсынбек Қабатов алдағы жоспарлары туралы сұхбат берді
Фото: видеодан кадр

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов көпшілік алдына шығып, шығармашылығы мен алдағы жоспарлары туралы алғаш рет сұхбат берді. Өнер иесі концерт беруді әлі де тоқтатпағанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның сөзінше, қазір жылына екі рет гастрольдік сапарға шығады. Биыл Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан және АҚШ-та өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

«Бір жылда екі гастрольге шығамын. Қазір осы жылғы 25-концертімді бергелі жатырмын. Биыл Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ-қа бара жатырмын. Көрермендерім бар, Аллаға шүкір. Әрдайым зал лық толы отырады», – деді Тұрсынбек Қабатов.

Әзілкеш сонымен қатар өзін әрдайым қолдап, әлеуметтік желіде жылы пікір қалдыратын көрермендеріне алғысын білдірді.

«Мен туралы сұхбат шығып жатса, 50/50 маған жаны ашып, ақтап алып жатады. Жақсы сөздер жазып жатады», – деді ол.

Өнер иесі көрерменнің қолдауы өзіне үлкен күш беретінін атап өтті.