Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбековаға шүйлікті

Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбековаға шүйлікті
Коллаж: әлеуметтік желі

Баян Алагөзова экс-шәкірті Мөлдір Әуелбекованың жазбасына шүйлікті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мөлдір Әуелбекова оқырманының жазбасына, ұстаздарымен татуласпайтынын айтып “Құдай сақтасын, беті аулақ” деп жазған. 

Баян осы жауапқа шүйлікті. 

«Сен менің ең жақсы шәкіртім болдың! Мен саған басқалардың бәріне қарағанда әлдеқайда көп нәрсе бердім. Бірақ Құдай ар-ұят таратып жатқанда, саған ештеңе тимеген сияқты», - деді ол. 


Дәл осы жауапқа қатысты Бағым Мұхитденова пікір білдіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында үнсіз жүргенінің себебін түсіндіріп, әншінің сөзіне реніш білдірді.

Продюсер Бағым Мұхитденова әнші Мөлдір Әуелбекованың бүгінгі танымалдылығына өзінің де үлесі бар екенін айтып, өткенді ұмытпауға шақырды.

Оның айтуынша, Мөлдір Әуелбекова Құдайға шүкіршілік етумен қатар, оған қолдау көрсеткен адамға да алғыс білдіруі керек. Продюсер әншінің қазақ сахнасына шығуына жол ашқанын еске салып, қазіргі жетістігін тек өз еңбегімен келгендей көрсетуіне наразылығын білдірді.