Контентке өту
Жалпыұлттық аза тұту күні
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ауруханада жатқан сарбаздың әкесі сұхбат берді

Ауруханада жатқан сарбаздың әкесі сұхбат берді
Коллаж: Arasha.kz

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған сарбаз Темірхан Ақжол Тимурұлының әкесі сұхбат берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін, әлеуметтік желіде тараған фотода оның қолында қаза болған қаруласының береті бар еді. 

Суретті әлеуметтік желіде Аян Өрібай жариялаған. Оның айтуынша, Ақжол ауыр жағдайда жатса да, қаза болған досы Мәдіхан Азамат Болатбекұлының беретін қолынан шығармаған.

Сарбаз беретті марқұмның ата-анасына өзі табыстағысы келетінін айтқан.

«Азамат досымдыкі, өзім берем деп қолынан жібермейді. Бейбіт заманда Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қаршадай жігіттер бақилық болып кетті. Ажал аяқ асты, бір сәтте…», – деп жазды Аян Өрібай.

Қорғаныс министрлігі таратқан ресми мәліметте Мәдіхан Азамат Болатбекұлы Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан мерзімді әскери қызметтегі матростардың қатарында көрсетілген.

Аман қалған сарбаз әкесіне дәл осы жаттығуға 2-3 күн дайындалғанын айтқан. Өзі жағаға жүзіп шығыпты. Кейін достарын іздеген. Бірақ жарты сағаттан соң басы айналып құлапты.