Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының ата-анасымен қауышқан сәті түсірілген архивтік видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Кадрларда жас офицердің туған-туыстарымен кездесіп, ата-анасымен қауышқан сәті бейнеленген. Олжас Мұхтарұлы Түркістан қаласының тумасы болған.
Еске салайық, Олжас Мұхтарұлы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшінің бірі болды. Оқиға кезінде ауа райы күрт нашарлап, әскери қызметшілерді теңізге толқын алып кеткен.
25 қыркүйекте марқұмның денесі арнайы ұшақпен Түркістанға жеткізілді.