Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Каспийдегі оқу-жаттығудан аман қалған үшінші әскеридің кім екені белгілі болды

Каспийдегі оқу-жаттығудан аман қалған үшінші әскеридің кім екені белгілі болды
Фото: видеодан кадр

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған үшінші әскери қызметшінің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ведомствоның мәліметінше, аман қалған сарбаз — Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Никита Удалов. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Әскери қызметшінің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

Осыған дейін оқу-жаттығу кезінде Атырау облысының тұрғыны Бекет Қуандық пен Маңғыстау облысының тұрғыны Ақжол Темірханның аман қалғаны хабарланған еді.

Ақжол Темірхан оқиғадан кейін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлердің көмегінен кейін келесі күні есін жиып, жағдайы тұрақтанған. Қазір ол да медициналық бақылауда.

Ал Бекет Қуандықтың жағдайы да дәрігерлердің бақылауында екені айтылды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Бекет Қуандық пен Ақжол Темірхан өз күштерімен жағаға шыққан.

Қазір Каспийдегі оқиғаға байланысты тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.