Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Үндістанда қазақстандық бапкер 16 жастағы қызға тиіскен

Үндістанда қазақстандық бапкер 16 жастағы қызға тиіскен
Фото: freepik

Үндістанның Патиала қаласында қазақстандық бапкерге қатысты кәмелетке толмаған спортшыны зорлады деген күдік бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға 13 қыркүйекте Ұлттық спорт институтының аумағында болған. 16 жастағы велоспортшы полицияға 18 қыркүйекте арыз түсірген.

Тергеу басталғанға дейін күдікті институт аумағынан кетіп қалған. Кейін оның Делидегі спорттық лагерьде болғаны анықталғанымен, ол жерден де ізін суытқан.

Полиция күдіктінің төлқұжатын тәркілеп, оның Үндістаннан шығып кетуіне жол бермеу үшін іздестіру туралы ескерту жариялаған. Қазір оны ұстау үшін арнайы топтар жұмыс істеп жатыр.

Кәмелетке толмаған спортшы медициналық тексеруден өткен. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.