Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Қорғаныс министрлігі желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Фото: freepik

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. туралы тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ведомствоның мәліметінше, екі әскери қызметші де аман-есен әскери бөлімде жүр және қызметін жалғастырып жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығуға қатысты түрлі ақпарат тараған. Атап айтқанда, профессор Дәметкен Сүлейменова туысы Айнар Ахметовтің жағдайына алаңдап, оның өз күшімен жағаға шыққаны туралы жазған.

Алайда Қорғаныс министрлігі бұл мәліметтерді жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, Ахметов пен Мағауия теңізде емес, жағалауда оқу міндеттерін орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болған.

«Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу барысында жеке құрамның бір бөлігі жағалауда болып, тиісті оқу міндеттерін орындады. Мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. жағалауда оқу міндеттерін орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болды. Қазіргі уақытта аталған әскери қызметшілер әскери бөлімнің орналасқан жерінде және күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін атқарып жүр», – делінген министрлік хабарламасында.

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде аталған әскери қызметшілерге қатысты тараған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.