Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Түркістанда 9 айлық сәби батарейка жұтып қойған

Түркістанда 9 айлық сәби батарейка жұтып қойған
Фото: freepik

Түркістан облыстық балалар ауруханасына тоғыз айлық сәби ауыр жағдайда жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тексеру барысында оның екі батарейка жұтып қойғаны анықталды.

Дәрігерлер шұғыл операция жасап, бөгде заттың бірін алып шықты. Екіншісі ішек жолына өтіп кеткендіктен, мамандар баланың жағдайын бақылады. Бірнеше күннен кейін ол табиғи жолмен шықты.

Операциядан кейін сәби үш тәулік жансақтау бөлімінде ем алған.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір баланың жағдайы тұрақты.