Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазан айының басында кейбір аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады

Қазан айының басында кейбір аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады
Фото: freepik

1-3 қазанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Батыс және солтүстік-батыста жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, жел күшеюі мүмкін. 

Елдің батысында ауа температурасы түнде -1…-6°С-қа дейін, күндіз +3…+8°С-қа дейін, солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +15…+25°С-тан +5…+15°С-қа дейін төмендейді.

Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы +13…+23°С, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +20…+25°С, таулы аймақтарда +10…+15°С болады.