Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Эльмира Төлегенова күйеуінен қысым көргенін айтты

Эльмира Төлегенова күйеуінен қысым көргенін айтты
Фото: әлеуметтік желі

Блогер Ерболат Жанабыловтың жұбайы Эльмира Төлегенова күйеуімен арадағы жанжал туралы айтты. Белгілі болғандай, ерлі-зайыпты ажыраспақ, деп хабарлайды Arasha.kz.

Эльмира әлеуметтік желіде гардероб бөлмесінен видео жариялады. Оның айтуынша, күйеуі екінші телефонын алып қоймақ болған соң, ол бөлмеге кіріп, есікті ішінен жапқан.

Алғашқы мәлімдемесінде Төлегенова Жанабылов өзінің жеке заттары мен телефондарын алып жатқанын, сондай-ақ ағаларымен бірге бөлмеге кіруге тырысқанын жазған. Ол «шыдаудан шаршағанын» айтып, отбасында болып жатқан жағдайды кейін ашық айтатынын мәлімдеді. Кейін жазбаларының бір бөлігі парақшасынан өшірілген.

Жағдай қоғамда резонанс тудырғаннан кейін Эльмира Төлегенова зорлық-зомбылық болмағанын нақтылады.

«Қол көтермеді. Мен гардеробқа Ерболат екінші телефонымды алып қоймақ болған соң кіріп, есікті ішінен жаптым», – деді ол.

Төлегенова сондай-ақ 27 қыркүйекте әжесінің қайтыс болғанын және жақында үйіне оралғанын айтты. Қазір балаларымен және жақындарымен бірге үйде екенін жеткізді.

Блогер жағдайды кейінірек толық түсіндіретінін айтып, әлеуметтік желілерден ұзақ уақытқа үзіліс алуы мүмкін екенін де мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ерболат пен Эльмира Жанабыловтар онлайн-курс сату және жүлде ойнатуға қатысты іс бойынша сотталған. Сәуірде сот оларды заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және ақшаны жылыстату бойынша кінәлі деп таныған. Ерболат Жанабыловқа екі жыл шартты жаза тағайындалса, Эльмира Төлегенова кәмелетке толмаған балалары болғандықтан, жазасын орындау екі жылға кейінге қалдырылып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.