Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Тоқаев «Вашингтон моделін» БҰҰ деңгейінде қарастыруды ұсынды

Тоқаев «Вашингтон моделін» БҰҰ деңгейінде қарастыруды ұсынды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамытуға бағытталған «Вашингтон моделін» қолдап, бұл бастама болашақта БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз бола алатынын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамп пен ірі технологиялық компаниялардың басшылары қол қойған жасанды интеллектінің озық технологияларын қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамыту жөніндегі ерікті келісімнің стратегиялық маңызына тоқталды.

Президенттің айтуынша, жасанды интеллектімен байланысты қауіп-қатерлер мемлекеттік шекарамен шектелмейді. Сондықтан бұл бағытта мемлекеттер мен бизнес өкілдерінің үйлесімді әрекеті қажет.

«Вашингтонда қол қойылған келісімді сарапшылар мұқият зерделеген соң мүдделі мемлекеттер жасанды интеллект саласын жаһандық деңгейде реттейтін үлгі ретінде қарастыруына болады. «Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті еліміздің жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамыту қағидатын қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан осы мәселе бойынша халықаралық диалог жүргізуге алаң ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Кеңес мүшелеріне Қазақстанның осы саладағы халықаралық бастамасына қатысты қысқа мерзім ішінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Қалыптасқан ортақ ұстаным биыл желтоқсан айында Майамиде өтетін G20 саммитінде таныстырылады.