Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Талдықорғанда ер адам әйелін ұрып, көршілерін қарумен қуалаған

Талдықорғанда ер адам әйелін ұрып, көршілерін қарумен қуалаған
Фото: freepik

Талдықорғанда ер адам әйеліне бірнеше сағат бойы күш қолданып, кейін көмекке келген көршілерін суық қарумен қуалағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жәбірленушінің құрбысының айтуынша, ер адам бұған дейін де жұбайын бірнеше рет ұрып-соғып, қорқытып келген. Сондай-ақ ол “ақшам мен байланыстарымның арқасында жауапкершіліктен құтыламын” деп айтқан көрінеді.

Кезекті жанжал 2 қазанға қараған түні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оған бір жасар баланың әкесінің ұйықтауына кедергі келтіруі себеп болған. Осыдан кейін ер адам жұбайын бірнеше сағат бойы ұрып-соққан.

Әйелдің айқайын естіген көршілер көмекке келген. Куәгерлердің сөзінше, ер адам оларға суық қару алып шығып, арттарынан қуған.

Тек таңертең әйел полиция шақыра алған. Жәбірленушінің жақындары оқиғаның жан-жақты әрі объективті тексерілуін талап етіп отыр.