Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын жазалауды тапсырды

Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын жазалауды тапсырды
Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Семейдегі жылу желілерінің жылыту маусымына уақытында дайын болмауына байланысты Абай облысы әкімінің осы салаға жауапты орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, еліміздің барлық өңіріне жылу көздері мен желілерін 1 қазанға дейін толық дайындау міндеті қойылған. Бұл тапсырманы Абай облысынан басқа барлық өңір белгіленген мерзімде орындаған.

«Тек Семей қаласында жылу желілері уақтылы дайын болмай шықты. Осыған байланысты Абай облысы әкімінің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын», – деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Премьер-министр өңір әкімдеріне жылыту маусымына қатысты штабтардың жұмысын күшейтуді тапсырды. Жылу көздері мен желілерінің жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, оларды жүйелі түрде тексеру қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек, әкімдіктер отын қорын жеткілікті деңгейде қамтамасыз етіп, қосалқы жабдықтардың әзірлігін қадағалауы тиіс. Сондай-ақ халыққа қажетті көмірдің бағасын бақылауда ұстап, тапшылыққа жол бермеу міндеті қойылды.