Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ырысбала Икрамбай мұғалімге ақша жинау мәселесін көтерді

Ырысбала Икрамбай мұғалімге ақша жинау мәселесін көтерді
Фото: әлеуметтік желі

Мектептегі ақша жинау, мұғалімге сыйлық беру мәселесі ата-аналар арасында жиі пікірталас тудыратыны жасырын емес. Осыған байланысты Ырысбала Икрамбай да өз ойын айтып, ата-аналарды мұндай мәселеде бір-біріне қысым жасамауға шақырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, ұстазға сыйлық жасау немесе жасамау - әр ата-ананың жеке таңдауы. Сондықтан біреудің сыйлық беруге мүмкіндігі болмауы немесе оған қатысқысы келмеуі ортақ чаттағы түсініспеушілікке, ренішке немесе жанжалға себеп болмауы керек. 

Ырысбала Икрамбай мұғалімдердің негізгі міндеті - балаларға білім беру екенін атап өтті. Оның сөзінше, ұстаз өз жұмысын қандай да бір сыйлық немесе қосымша қаржы үшін емес, кәсіби міндеті ретінде атқарады.

"Беретінің 25 мың болса, 5 мыңына тәтті алып, қалғанын ақшалай беремін. Ол да үйіндегі бала-шағасына шай, сүтін көтеріп барсын. Гүл алып бермей-ақ. Оларға бермесең де ренжімейді. Балаңды оқыта береді. Өзіміз де мерекеде бір гүл болсын күтіп отырамыз", - деді ол.